Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен елге қайтару үшін алты рейс орындалады
- авторОймақ
- Бүгін, 13:12
- 28

25 маусым күні SCAT және Air Astana әуе компаниялары Дубай мен Дохадан Алматы және Астана қалаларына алты рейс орындап, Қазақстан азаматтарын елге қайтарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, Таяу Шығыс бағытындағы ұшулар Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан елдерінің аумағын айналып өту арқылы жүзеге асырылып жатыр.
SCAT компаниясы Катардан жолаушыларды эвакуациялауға кірісті. Алғашқы рейс Доха – Алматы бағыты бойынша бүгін Катар уақытымен 07:35-те ұшып шықты. Ұшақ бортында 213 жолаушы болды. Сондай-ақ бүгін Доха – Астана бағыты бойынша тағы бір рейс орындалады, оның ұшуы Катар уақытымен 14:30-ға жоспарланған. Бұл рейспен 290 жолаушы жеткізіледі деп күтілуде.
Алдағы күндерге жоспарланған чартерлік рейстер:
2025 жылғы 27 маусым — Доха – Астана
2025 жылғы 29 маусым — Доха – Алматы
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Президент қазақстандықтарды Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады
- авторОймақ
- 24 маусым, 2025