сейсенбі, 24 маусым, 2025 19:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Наркенже Серікбаеваның айыптауына қатысты филармония басшысы жауап берді

Наркенже Серікбаеваның айыптауына қатысты филармония басшысы жауап берді
qaz365.kz коллажы
Ол әншінің сөздерін жоққа шығарды.

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі, ҚР Ерен еңбегі үшін медалінің иегері Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде ауыр айып таққан филармония директоры Ғалымжан Ерназаров жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.

Филармонияның ресми парақшасында жарияланған видеода директор әншінің сөздерін жоққа шығарды.

Кешегі әлеуметтік желіде тарап жатқан видео бойынша мен де өз жауабымды бергім келеді. Мен – отбасылы азаматпын, анам бар. Маған және отбасымның атына қара күйе жағылуда. Бұл мәселеде мені де заң қорғайды деп ойлаймын. Сотқа шағымдандым. Соттың шешімін күтейік. Содан кейін барлық әлеуметтік желілерде жария етеміз, – деді Ғалымжан Ерназаров.

Ерназаров өнер иесі жұмысқа мүлде келмейтінін алға тартты.

Сіздер оның әлеуметтік желідегі парақшасынан көріп отырсыздар, бір күні Жезқазғанда, бір күні Қызылордада тойда жүреді. Ол мүлде жұмысқа келмейді. Біздің қателігіміз – жұмыста болмағаны үшін қызметінен босату керек болғанда да жанашырлық танытқанымыз еді, – дейді ол.

Сонымен қатар филармония басшысы мамандығы атқаратын жұмысына сай екенін де алға тартты. 

Шетелге іссапарлар ресми негізде жүзеге асады: елші хаты, басқарманың рұқсаты болады. Бұл қаражатты босқа шашу емес. Астана күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылған іссапар, – деп түйіндеді сөзін.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар