сейсенбі, 24 маусым, 2025 19:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырауда никаб киген қызды ұрып кеткен

Атырауда никаб киген қызды ұрып кеткен
фото: скрин
Күдікті қолға түсті.

Атырауда тұрғын-үй подъездінде никаб киген қызды аяусыз ұрып, тепкілеп кетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Оқиға Береке шағын ауданындағы 30-үйдің кіреберісінде болған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Әлеуметтік желілерде ер адамның никабтағы қызды Атыраудағы тұрғын үйдің кіреберісінде ұрып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Ол қыздың басынан бірнеше рет ұрып, бетінен теуіп жіберген. Қыз лифтке кірген кезде ер адам кетіп қалғандай болған, алайда артынан қайта оралып, қызға тағы бірнеше соққы жасаған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы «Сабау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар