бейсенбі, 19 маусым, 2025 21:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абай Бегейдің қызы онлайн-лотерея ұйымдастырған: қылмыстық іске қатысты тергеліп жатыр

Абай Бегейдің қызы онлайн-лотерея ұйымдастырған: қылмыстық іске қатысты тергеліп жатыр
фото ашық дереккөз
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандарының арасында ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Олар танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы Гүлеркем Ниязқұлова мен оның күйеуі болып шықты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан.

Ақтау қаласында тұратын ерлі-зайыпты Instagram, TikTok және Telegram әлеуметтік желілері арқылы 850 мыңнан астам оқырман жинап, онлайн лотереялар ұйымдастырған. Олар лотерея операторы ретінде тіркелмеген, бірақ соған қарамастан автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан. Қатысушылар лотереяға 500-50 000 теңге аралығындағы билеттерді (цифрлық нөмірлер) сатып алу арқылы қатысқан.

Алдын ала есеп бойынша, заңсыз кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде алынған таза қылмыстық табыс көлемі 162 млн теңгеден асқан.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар