бейсенбі, 19 маусым, 2025 20:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жекеменшік мектептер жаппай жабыла ма: министр пікір білдірді

Жекеменшік мектептер жаппай  жабыла ма: министр пікір білдірді
Көрнекі сурет: gov.kz
Оқу-ағарту министрі мұндай мектептермен жұмысты ведомство жалғастыратынын айтты.

ҚР Оқу-ағарту министрі елімізде жекеменшік мектептердің жаппай жабылатыны жөнінде тараған ақпаратқа жауап берді. 

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбайұлы жекеменшік мектептердің жаппай жабылатыны жөнінде тараған ақпаратқа алаңдаушылық білдіріп мәселе көтерген болатын.

"Елімізде 300 мыңнан астам оқушы білім алатын 800-ге жуық жекеменшік мектеп бар. Қазір олардың мемлекеттік тапсырыстан айырылатыны жөнінде мәлімет тарап жатыр. Көптеген мектеп жабылатынын хабарлауда. Бұл мекемелерді қаржыландыру енді жергілікті бюджетке жүктелді. Егер олардың бәрі жабылса, 300 мың оқушыны қайда орналастырамыз?" – деп мәселе көтерді депутат.

Бұл сауалға жауап берген Оқу-ағарту министрі барлық жекеменшік мектеп жабылмайтынын айтты. Оның сөзінше, тек жертөле мен мектепке бейімделмеген орындарда жұмыс істеп жатқан оқу орындарына ғана шектеу қойылатынын айтқан. Ол сонымен қатар, кейбір жеке меншік мектептер туған-туысқандарын мұғалімдікке алғанын айтты. Сөзінше, талапқа сай емес, білім сапасы төмен мұндай мектептер жабылатынын тілге тиек етті.

“Кейбір жекеменшік мектептерге қатысты өте көп мәселе бар. Ол қай қалада және қандай мектеп екенін ұялтпай, атамай-ақ қояйын. Бірақ қажет болған жағдайда түсін түстеп, атын атап беруге болады деп ойлаймын. Бірінші кезекте туысқандық принциптермен мектептің мұғалімдерін, басшылығын тағайындау белең алып отырғанын көріп отырмыз. Қабылданған мұғалімдердің сапасына қатысты да үлкен сұрақ туындап отыр. Сонымен қатар мектепке ойына келген атауды қою. Оған қоса қажеттілік болмаса да, ақша табу үшін жекеменшік мектептерді екі мемлекеттік мектептердің арасына соғып, ондағы балаларды өзіне әртүрлі әрекеттермен тарту мәселесін де көріп отырмыз. Біз таза, әділетті бәсекелестікті туындатуымыз керек. Бір жағынан ондай мектептердің көп еместігі қуантып отыр. Жақсы, таза, адал жұмыс істеп жатқан мектептер бар. Оларды қысқарту, жабу қаупі жоқ. Ал енді сапасыз, тек ақша табу үшін жұмысын ұйымдастырып жатқан мектептерге көптеген сұрақ пен талап жоғары болады , –  деп атап өтті министр.

Оқу-ағарту министрі мұндай мектептермен жұмысты ведомство жалғастыратынын айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар