бейсенбі, 12 маусым, 2025 13:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салынады

Бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салынады
Сурет: Boris Roessler/dpa/Global Look Press
Бүгін Сенат "Құқық бұзушылықты ңалдын алу туралы" заңға түзетулер енгізуді талқылады.

Бүгін Сенат «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заңға түзетулер енгізу талқыланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz   Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Түзету Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.

Енді елде бет-жүзді жауып тұратын маска, балаклава немесе киім элементтерін киюге тыйым салу ұсынылуы мүмкін.

 Адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді пайдалану арқылы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін осындай ұсыныс енгізіліп отыр, – деді сенатор Наурызбай Байқадамов.

Дегенмен, бұл талаптан келесі жағдайлар босатылады:

 Қазақстан заңнамасының талаптарын орындау қажет болғанда;

қызметтік (лауазымдық немесе еңбек) міндеттерді атқару барысында;

медициналық себептермен;

азаматтық қорғаныс мақсатында;

ауа райының жағдайына байланысты;

спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдар үшін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар