Ұлттық кино: мемлекет қолдауына үміткер киножобалар питчингі басталды
- авторОймақ
- 10 маусым, 2025
- 36

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2025 жылы мемлекет қолдауына үміткер киножобалар питчингі басталғанын хабарлайды. Ашық қорғау 9-12 маусым аралығында Алматы қаласында өтеді. Питчингке байқаудың екі кезеңінен сәтті өткен 99 жоба қатысуда. Барлық процесс Кино орталығының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Ашық қорғау сілтемесі: (https://www.youtube.com/live/hJe-aG32N2U?si=AN3K0yz9bxBPIru3)
Питчингтің ашылуында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали аталған кезеңнің салмағына тоқталды.
«Бүгінгі питчингте Сараптама кеңесі ұлттық киноға сүбелі үлес қосатын жобаларды іріктеу үшін бар күшін салады деген сенімдеміз. Ұлттық кино – ұлттың рухани келбеті. Сондықтан мемлекет қаржысына түсірілетін фильмдердің мазмұны мен сапасы жоғары деңгейде болуы тиіс. Киногерлер бұл жауапкершілікті терең түсінеді деп ойлаймыз. Біз ашық конкурс өткізуге мүдделіміз. Барлық процесс тиісті ведомство – Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауында», – деді Қ.Жұмағали.
Ал Сараптама кеңесінің төрағасы Бауыржан Шөкенов кәсіби және әділ бағалаудың маңызын ерекше атап өтті.
«Әрбір жобаны мұқият қарап, оның идеялық мазмұны мен драматургиялық сапасын бағалаймыз. Мемлекеттік қолдауға лайық, мазмұны бай әрі болашағы зор жұмыстар іріктеледі деп үміттенеміз. Барлық бағалау кезеңдері бекітілген талаптарға сай әділ өтеді», – деді Б.Шөкенов.
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа өтінім қабылдау 13 наурызда аяқталды. Биыл көркем, деректі және анимациялық фильм секцияларында барлығы 444 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 357 жоба Сараптама кеңесінің қарауына жіберілді. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарий жоспары екінші кезеңге өтті. Құжаттардың толық пакетін тапсырған соң 99 жоба питчингке жолдама алды.
Сараптама кеңесі жобаларды бағалау барысында келесі негізгі критерийлерге назар аударды:
2025 жылғы қаңтарда бекітілген басым тақырыптарға сәйкестік;
сценарий немесе сценарий жоспарыныңтұжырымдамалықдеңгейі;
сюжет динамикасы мен драматургиялыққұрылымы;
техникалықмазмұныжәнекейіпкерлербейнесініңтереңашылуы.
Соныменқатар, питчинг қарсаңында Құрманбек Жұмағали комплаенс-офицермен арнайы кездесу өткізіп, байқаудың ашықтығы, этикалық талаптардың және құқықтық нормалардың орындалуына қатысты мәселелерді талқылады. Кездесу барысында регламенттердің сақталуы, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ Сараптама кеңесі шешімдерінің тәуелсіздігіне ерекше назар аударылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салынады
Ұқсас жаңалықтар
Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы неліктен ақылы өтетіні белгілі болды
- авторОймақ
- 9 маусым, 2025