Арктика үш есе тез жылынып барады: Дүниежүзілік метеоұйым ескерту жасады
- авторОймақ
- 30 мамыр, 2025
- 80

БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының жаңа есебіне сәйкес, 2025–2029 жылдар аралығында жаһандық орташа температура рекордтық деңгейде немесе соған жақын болады, деп жазды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Бұл кезеңде жыл сайынғы температура индустрияға дейінгі деңгейден 1,2–1,9°C жоғары болады. 1,5°C-тан асу ықтималдығы — 70%. Мұндай жылыну құрғақшылық, ыстық толқындар, мұздықтардың еруі мен теңіз деңгейінің көтерілуі сияқты климаттық қатерлерді күшейтеді.
Әлемдік орташа температура 2025–2029 жылдар аралығында рекордтық немесе соған жақын деңгейде болады деп болжанып отыр. Бұл кезеңде температура индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,2–1,9°C жоғары болуы мүмкін. Париж келісімі бойынша 1,5°C шегінен асу ықтималдығы — 70%. Арктикада жылыну орташа әлемдік көрсеткіштен 3,5 есе жылдам жүреді. Бұл климаттық өзгерістер ыстық толқындар, құрғақшылық пен теңіз деңгейінің көтерілуі сияқты қатерлерді күшейтеді. Бұл қоғамға, экономикаға және экожүйелерге елеулі кері әсер етеді.
— Біз тарихтағы ең жылы он жылды бастан өткердік. Өкінішке қарай, ДМҰ баяндамасы алдағы жылдарда ешқандай тыным жоқ екенін көрсетеді, яғни біздің экономикамызға, күнделікті өмірімізге, экожүйелерімізге және планетамызға кері әсерлер көбейе береді, - деді ДМҰ Бас хатшысының орынбасары Ко Баррет.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды
Ұқсас жаңалықтар
Al Arabiya: ХАМАС пен Израиль Газада атысты 60 күнге тоқтатуға келісті
- авторОймақ
- 30 мамыр, 2025