жұма, 30 мамыр, 2025 19:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Азия чемпионатында алтын жеңіп алды
Дейзи Джепкемей жеңіс тұғырына көтерілді.

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді.

Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.

Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль жеңіп алған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар