"Өзі секірді деп ойлаймын": Ақнәр Хамиттің жанында болған қыздың бірі сұқбат берді
- авторОймақ
- 26 мамыр, 2025
- 121

Алматыда көп қабатты тұрғын үйден құлап қаза тапқан Ақнәр Хамитпен сол күні пәтерге бірге болған екі қыздың бірі сұхбат берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Олар журналист Руслан Өтепбайды өздері іздеп тауып, өздері келіп, маска киіп отырып сұхбат берген.
«Атым Дидар. Қытай Республикасының азаматымын», - дейді бойжеткен.
Ал журналистің «Болған жағдайда сіз ақсыз ба?» деген сұрағына, «Иә, ақпын» деп жауап берді.
Журналистің «Онда неге маска киесіз?» деген сұрағына өзінің бетін халыққа көрсеткісі келмейтінін айтқан.
Айтуынша Ақнәрдің құлағанын немесе өзі секіріп кеткенін өз көзімен көрмеген.
«Өзі секірді деп ойлаймын», - деп жауап берген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.