бейсенбі, 5 маусым, 2025 18:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кенесары ескерткіші қайта орнына қойылды

Кенесары ескерткіші қайта орнына қойылды
Бұл жайлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Instagram аккаунтында айтты.

Астанада Кенесары хан ескерткіші орнына қайта қойылды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Instagram аккаунтында айтты.

– Өткен жылы Астанада Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты алып тастаған кезде, әлеуметтік желіде біраз әңгіме болған. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, кейбір азаматтар расталмаған ақпарат таратқан болатын. "Кенесары хан ескерткіші мүлдем алынып тасталды, енді орнына қойылмайды" деген секілді. Шын мәнінде, ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Сондықтан орнынан алынды. Енді қайта қойылғанда, бұрынғыдан биіктеу орнатылды. Міне, бүгін жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды, – деді Ерлан Тынымбайұлы.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар