бейсенбі, 15 мамыр, 2025 20:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап отыр

Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап отыр
Фото: atameken.kz
«Атамекен» ҰКП-ның бұрынғы төрағасы, алаяқтық үшін сотталған Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады.

Сотталушы Абылай Мырзахметовтің өтінішхаты Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына түсті. Онда шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған. Өтінішхат 2 мамырда тіркелді. Заң бойынша бір ай мерзім ішінде қарастырылады, — деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Абылай Мырзахметов Павлодар облысындағы № 46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Бір апта бұрын Бас прокуратура аталған колонияда түсірілген бейнематериалды жариялады. Онда биг-бэг қаптарын шығаратын өндіріс іске қосылғаны көрсетілген.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа өндіріс № 46 түзету мекемесінде іске қосылған. Қажет жабдықтар мен жұмыс орындарын кәсіпкерлер қамтамасыз еткен.

Еске сала кетейік, 13,9 млрд жымқырған Абылай Мырзахметов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал биылғы қаңтар айында Павлодар соты Абылай Мырзахметовтің жазасын жеңілдетуден бас тартты.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар