
Соңғы 5 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану деңгейі 6,3% - ға төмендеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі, оның мақсаты – жұмыскерлердің құқықтары, олардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне назар аудару. Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,3% - ға, бұрынғыға қарағанда қаза тапқандар саны 2,9% - ға азайды.
Биылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы "Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына революциялық көзқарастар: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект пен цифрландырудың рөлі". Әлемнің барлық аймағында үкіметтер, кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер бірлестіктері және еңбекті қорғау саласындағы тәжірибе мамандары іс-шаралар ұйымдастырады, олардың шеңберінде еңбекті қорғау саласын жаңа технологияларды енгізу және цифрлық трансформациялау, қауіпсіз және салауатты өндірістік орта құру мәселелері қаралатын болады, - дейді ведомоства.
Халықаралық еңбек ұйымының деректері еңбекті қорғау саласындағы ауқымды проблемалардың сақталуын айғақтайды – әлемде жыл сайын 270 млн-ға жуық жазатайым оқиға және 2 млн-нан астам адамның өмірін қиған 160 млн кәсіптік ауру тіркеледі.
Қазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 1400-ден астам жазатайым оқиғаға жол беріледі, оның 200-ге жуығы адам шығынымен аяқталады.
Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 15,3%, құрылыс саласында – 12% байқалады.
Елімізде 470 мыңнан астам жұмыскер зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. 2024 жылы аттестаттау нәтижелері бойынша 679 мың жұмыскер еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істегені үшін түрлі өтемақы алды. Бұл мақсаттарға жұмыс берушілер 297,4 млрд теңге бөлді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16,6% - ға көп.
Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын одан әрі қамтамасыз ету үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) шаралар кешенін қабылдауда.
2024 жылдың қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар туралы 1042 материал жіберілді, олар бойынша 215 қылмыстық іс қозғалды. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау мақсатында 7,7 мыңнан астам өндірістік объектілерді аттестаттау жүргізілді.
Бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында еліміздің 3262 кәсіпорны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.
2019 жылдан бастап Нөлдік жарақат тұжырымдамасы – Vision Zero белсенді түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда оған республиканың 605 кәсіпорны қосылды.
Қазақстанның 318 кәсіпорны құрылыс саласының мердігерлік ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін бақылаудың тікелей моделін енгізді.
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу шеңберінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Бұл төлемдерге кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған 55 жасқа толған жұмыскерлер құқылы. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, 14 мыңнан астам жұмыскер зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатып, арнаулы әлеуметтік төлемдер алуда.
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асырылуда, ол: еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыруда жаңа тәсілдерді қолдану, жұмыскерлердің жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесіне қатысуын жандандыру; оқыту сапасын арттыру және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеру есебінен еңбек жағдайларын жақсартуды және өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуді көздейді білімді тәуелсіз бағалауды енгізу арқылы еңбек ету; қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту.
Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Кәсіпорындардың цифрлық картасы және Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы іске қосылды, бұл нақты уақыт режимінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіпорындардағы еңбек қатынастарына байланысты тәуекелдерді бақылауға және алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
2025 жылдың 28-30 мамырына жоспарланған Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі дәстүрлі конференция мен көрме Халықаралық еңбекті қорғау күніне орайластырылған. Бұл өзекті сын-тегеуріндерді талқылау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы шешімдерді іздеу үшін жетекші мамандарды, мемлекеттік органдардың, бизнестің және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіретін маңызды салалық іс-шара.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.