жұма, 18 сәуір, 2025 12:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекеттік кеңесші бір топ Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші бір топ Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті
Akorda
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамалары талқыланды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясат мәселелерін талқылау үшін  Ұлттық құрылтайдың бір топ мүшесімен кездесті, деп хабарлады Oimaqnews.kz 

Басқосуға  Айдос Сарым, Мұрат Әбенов, Әлия Мұстафина, Диқан Қамзабекұлы, Ермұрат Бапи, Бөріхан Нұрмұхамедов, Ерлан Саиров, Жұлдыз Сүлейменова, Қазыбек Дәуіталиев, Уайс Ерсайынұлы, Лаура Қарабасова, Қайсар Тұрсынғожаев қатысты. 

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл наурыз айында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамалары талқыланды. 

Мемлекет басшысы 1 сәуір күні Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру туралы Жоспарға қол қойған болатын. 53 тармақтан тұратын құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесе отырып әзірледі. 

Бұған қоса  таяуда 100-ден астам бастамадан тұратын Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстарын қараудың жоспары бекітілді. 

Ұсыныстарды талқылау барысында ішкі саясат саласына қатысты біртұтас кешенді құжат даярлау қажеттігіне баса мән берілді. 

Мемлекеттік кеңесші  бұл құжаттың сарапшылардың, Ұлттық құрылтай мүшелерінің, қоғам белсенділері мен мемлекеттік органдардың қатысуымен бірнеше айдан бері әзірленіп жатқанын атап өтті.

Ерлан Қарин жаңа құжаттың негізгі мақсаты – мемлекет пен қоғам арасындағы байланысқа арқау болатын қағидаттарды, идеологемаларды және құндылықтарды айқындау және жинақтау екеніне назар аударды.

Құрылтай мүшелері өз кезегінде бұл құжаттың қабылдануы ішкі саясат саласындағы негізі акторлар үшін басымдықтарды айқындауға мүмкіндік беретінін, мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын бір жүйеге келтіруге ықпал ететінін атап өтті.

Құжат жобасы алдағы уақытта сарапшылар және азаматтық қоғам өкілдерімен бірге тағы да талқыланады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар