
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады,
Серік Жұманғариннің айтуынша, Салық кодексінің жобасы өткен жылғы қыркүйектен бастап қаралып жатыр. Биыл оған тұжырымдамалық түзетулер енгізілді. Дүйсенбі күні «АMANAT» фракциясының отырысы өтті. Жаңа Салық кодексінде қосылған құн салығы 16% болады.
Қосылған құн салығы бойынша шек 40 миллион теңге мөлшерінде белгіленеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады.
Әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады.
Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады.
Банк операцияларына қосылған құн салығы салынады.
Олардың бағасының өсуіне жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп ағымдағы бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді.
Арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі.
Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша бәрін сол күйінде қалдырамыз. Яғни, 70% жеңілдік қалады.
Өңдеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.