бейсенбі, 3 сәуір, 2025 0:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мьянмада қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Мьянмада қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты
© Photo : Myanmar Now
270 тұрғын із-түзсіз жоғалған.

Мьянмадағы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 2 065 адамға жетті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Жараланғандардың саны 4 мыңға жуық. Тағы 270 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Елдегі әскери үкімет бір апта қаралы күн жариялады.

Таиланд астанасындағы құрбандар саны – 19. Жоғалғандар тізімінде 78 адам бар. 2 елде де іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 

«Мьянма мен Таиланд Үнді тақтасының үстінде орналасқан, ал бұл плита 100 миллион жыл бойы солтүстікке қарай жылжып келеді», – деп түсіндіреді мамандар жер сілкінісін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар