сейсенбі, 1 сәуір, 2025 21:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ризабек Азияның үш дүркін күміс жүлдегері

Ризабек Азияның үш дүркін күміс жүлдегері
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Иорданияда Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Иордания астанасы Амманда Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Отандасымыз еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Араш Йошидаға (Жапония) есе жіберді. Есеп: 1-7. 

Бұл оның сары құрлық бәсекесіндегі үшінші күмісі. Ризабек 2023 жылы Астанадағы құрлық бәсекесінде 92 кг дейінгі салмақтың финалында Йошидамен күш сынасқан. Ол кезде жапон спортшысы топ жарған. Ал 2024 жылы Бішкекте 97 кг дейінгі салмақта 2-орыннан көрінген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар