
Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласындағы сервис және туризм колледж ұжымы ұмытылып бара жатқан қазақтың дәстүрлі тағамы – жентті дайындауды қолға алды.
Бұл іс-шараға 15 өндірістік оқыту шебері, 31 оқытушы және 55 студент белсенді түрде қатысып, ұлттық тағамды әзірлеудің қыр-сырын меңгеріп жатыр. Дайын өнімнің көлемі де таңғаларлық: жентке 50 кг талқан қолданылды. Оның жалпы ұзындығы – 15 метр, ені – 30 см, ал биіктігі – 4 см.
Жалпы салмағы – 150 кг жуық.
Айта кетейік, жент қазақтың аса шеберлікпен жасайтын әрі өте дәмді, тағамдық нәрі мол жеңсік тағамдардың бірі. Жент қыста қатпайды, жазда бұзылмайды, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайды. Соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан үлкен орын алған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Санаулы минуттарда қайта рәсімдейді
Ұқсас жаңалықтар
Сарыағаштағы медресе-колледжін мемлекет есебінен қаржыландырылып келген
- авторОймақ
- 16 наурыз, 2025