бейсенбі, 13 наурыз, 2025 14:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

13-15 жастағы қыздар бүкіл бала ооылай өмір сүреді деп ойлаған – Динара Закиева

13-15 жастағы қыздар бүкіл бала ооылай өмір сүреді деп ойлаған – Динара Закиева
qarmaqshy-tany.kz
Бұл туралы Сенат комитетінің отырысында айтты.

Түркістан облысында туыстарынан жүкті болған 13-15 жастағы қыздар бүкіл бала осылай өмір сүреді деп ойлаған. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиева айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Түркістан облысында 13-15 жасында зорлық-зомбылықтың құрбаны болған 16 кәмелетке толмаған қыз тұратын орталыққа бардым. Олар өздерінің ағалары, нағашылары және басқа да туыстары тарапынан жыныстық зорлық-зомбылықтың нәтижесінде ана атанған. Қыздардың көпшілігі болған жағдайды баяндағанда, өздеріне жасалған әрекеттердің қылмыс екенін білмегендерін мойындады. Олар барлық балалар дәл осындай отбасында осылай өмір сүреді деп ойлаған», – деді Закиева сәрсенбі күні Сенат комитетінің отырысында.  

Омбудсменнің айтуынша, мұндай жағдайлар көптеген күрделі мәселелерді көтереді. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған жол бермеу және онымен күресу үшін жүйелі шаралар қажет.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар