
«Өнер қырандары» театры түсірген «Молда» фильміне көрермендер тарапынан қызығушылық жоғары. Соның арқасында фильм 1,1 миллиард кассалық түсім жинады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Молда» фильмі рекорд жаңартуды жалғастырып жатыр. Қазіргі кезде кассалық түсім 1,1 млрд теңгеге жетті, ал прокат әлі де аяқталған жоқ, - делінген kinopark.kz парақшасында.
«Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабектің айтуынша, туындыны түсіруге 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Енді фильм авторлары бұл қаржыға анимациялық мультфильм түсіріп жатыр екен.
Айта кетейік, «Өнер қырандары» театры түсірген «Молда» фильмі – қоғамдағы діни құндылықтар, имандылық, адамның ішкі жан дүниесі мен өмірлік таңдаулары туралы ой қозғайтын фильм. Бұл кино тек діни жамағатқа ғана емес, жалпы кез келген көрерменге өзекті мәселелерді көтереді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Нұрғиса Тілендиевтің жары, актриса Дариға Тілендиева дүниеден озды
- авторОймақ
- 11 наурыз, 2025
«Қаныш аға осындай еді…»: Мереке Құлкенов осы кітапты оқуға кеңес берді
- авторОймақ
- 11 наурыз, 2025