Кішкентай баланың бетін тілгілеген 14 жастағы жасөспірімге қатысты тергеу аяқталуға жақын
- авторОймақ
- Бүгін, 10:40
- 39

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің лифтісінде кішкентай баланың бетін пышақпен тіліп тастаған 14 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық тергеу бір айдың ішінде аяқталады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.
«Өте ауыр қылмыс жасалғанын білесіздер, құқықтық бағаны сот береді. Ал қазір тергеу жүріп жатыр. Сот-психологиялық сараптамасы тағайындалды. Бір айдың ішінде тергеуді аяқтап, прокуратураға іс материалдарын береміз», - деді ол.
Еске салайық, елордада психологиялық ауытқуы бар жасөспірім 5 жасар балаға шабуыл жасаған еді. Кейін кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, психоневрологиялық диспансерге жатқызылған. Кейін оның анасы баласының ауруханада таяқ жегенін айтып, полицияға жүгінген болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Жалақы мен зейнетақы, жәрдемақы өсті
Ұқсас жаңалықтар
Жасөспірім қызды аяусыз соққыға жыққан қыздардың есімі белгілі болды
- авторОймақ
- Бүгін, 12:57