Алматыда Жириновскийге ескерткіш орната ма: депутаттар не дейді?
- авторОймақ
- 12 наурыз, 2025
- 753
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге Алматыда ескерткіш орнатуға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Журналист депутаттан "Жириновскийке ескерткіш қойылады деп жатыр. Сіздің ойыңыз қандай?" деп сұрады.
"Ақылға қонбайтын нәрсе. Бірақ Досаев сияқты әкімдер аман болса, ескерткіш қойылып та кетуі мүмкін. Алматы Жириновскийдің тарихи отаны дегені несі? Онда біз Оспан батырға Қытайда ескерткіш қоя аламыз ба? Қоя алмаймыз. Әркімнің өз мемлекеті бар шығар?! Заңда "Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарға ескерткіш қойылады" деп нақты жазылған. Жириновскийдің біздің Қазақстанға не қатысы бар?, - дейді Ринат Зайытов Мәжіліс кулуарында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі ұшақта бойжеткенге медициналық көмек көрсетті
- авторОймақ
- 27 қараша, 2025
Ақтауда құлаған ұшаққа байланысты тергеу жұмыстарының қорытындысы қашан шығады
- авторОймақ
- 25 қараша, 2025






