"Өзге дін өкілдерін қорлайтын мәлімдемелер жасаған": Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқандар ұсталды
- авторОймақ
- Бүгін, 14:51
- 44

Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер діни алауыздықты қоздыру және экстремистік материалдарды тарату бойынша айыпталып отыр.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдіктілердің радикалды діни көзқарас негізінде бірігіп, әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін қорлайтын мәлімдемелер жасағаны анықталды. Сонымен қатар, олар халық арасында сот экстремистік деп таныған аудио және видео материалдарды таратқан", – делінген министрлік хабарламасында.
Тінту барысында ұсталғандардың үйінен 20-дан астам діни кітап, есірткі заттары, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілер тәркіленді. Топ жетекшілері сот шешімімен қамауға алынды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.