жұма, 14 наурыз, 2025 22:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Перизат Қайрат ісі: «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі жабылады

Перизат Қайрат ісі: «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі жабылады
Фото: instagram.com/01pk
Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді.

Қайырымдылыққа жиналған қомақты қаржыны жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі жабылады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің ресми мәліметіне сүйенсек, «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі 2021 жылы 11 қазанда Астана қаласындағы Әділет департаментінде тіркелген.

– 2025 жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоғарыда аталған ұйымның мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп танып, мәжбүрлеп таратуды көздейтін талап-арыз берілді. Сот талабын беруге Қаржылық мониторинг агенттігінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тіркеуді жою рәсіміне бастамашылық жасау туралы хаты негіз болды. Себебі бірлестік құру кезінде жойылмайтын сипаттағы, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз болатын заңнамалық бұзушылықтарға жол берілген, – деп мәлімдеді Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар