сәрсенбі, 12 наурыз, 2025 23:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Біз өңірге бара жатырмыз": Руслан Берденовтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

"Біз өңірге бара жатырмыз": Руслан Берденовтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
Сурет: parlam.kz
Руслан Берденовке жалпы отырыста арнайы дайындалған алғыс хат табыс етілді.

Мәжілістің жалпы отырысында Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Руслан Берденовке жалпы отырыста арнайы дайындалған алғыс хат табыс етілді. Ол өзінің қызметі жайлы бірауыз пікір білдіріп, алғысын айтты.

«Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісіндегі менің қызметім өз мәресіне жетті. Сіздермен бірге шын мәнінде елдің игілігі үшін қаншама үлкен сұрақтарды көтеріп, күресіп, соңына жетіп, көпшілік мәселелерді талқылағаным, сіздердің араларыңызда болғаным – мен үшін үлкен мәртебе. Бәлкім, бұл ел тарихындағы ең белсенді депутаттар шақырылымы болды. Сіздердің араларыңызда болғаным үшін өте қуаныштымын. Ерлан Жаханұлы алғашқы күннен бастап «Руслан сайлау бітті, партияға бөлінбей, адамдарға бөлінбей, бірігіп, елдің игілігі үшін жұмыс жасауларың қажет» деп айтқан еді. Осы сөздер өзіме ұстаным болды. Екі жылда солай жұмыс істеуге, қолымнан келгенше айтқандарымды орындауға тырыстым. Енді біз өңірге бара жатырмыз. Әйтеке би айтқандай, «Өмірім – халқымдікі, ал өлімім ғана өзімдікі». Біз де өмірімізді өңірге арнаймыз. Сіздерді әрқашан өңірде күтеміз. Барлығыңызға рақмет», –  деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін біз Парламент Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовті Президент Әкімшілігімен келісе отырып қабылданған шешімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны туралы жазған болатынбыз.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар