
Бұған электронды сауда алаңының сайтындағы деректер дәлел бола алады.
"Аукцион басталған сәтте сату объектісі бойынша аукцион залында бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Аукцион залында ешбір қатысушы бастапқы бағаны растамаған", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйі сатылымға шыққан еді. Оның құны 1,8 миллиард теңгеге бағаланған.
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынды. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.