Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов әлеуметтік желіде қызу талқыланған зәулім үй өзінікі емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның зәулім үйді көрсетіп, онда Астана қаласының бас имамы тұратынын баян етіп, желіге салып жіберген. Расталмаған ақпарат әлеуметтік желіде өте қызу талқыланды.
"Мынаны мен басында мешіт екен деп қалдым. Сөйтсем бұл Астананың бас имамының үйі екен. Мешіт сияқты дәу ғой сұмдық. Ал енді садақа жіберіңдер. Жұма сайын салған садақаларың міне қайда кетіп жатыр. Сұмдық қой мынау. Не деген сарай мынау. Төрт әйелі бар екен. Поворын алып келдім. Сендердің садақаларыңмен жалақасын төлейді. Қалай Алладан қорықпайды? Аумағын көрсең бір га жерді қоршап алған ғой, – дейді видеоны түсірген адам.
Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов әлеуметтік желіде бұл үйде өзі тұратынын жоққа шығарды.
"Ассалаумағалейкүм! Құрметті, бауырлар! Қадірлі мұсылман жамағат! Қазір әлеуметтік желіде Ислам дініне және діннің айналасында жүрген азаматтарға күйе жағу мәселесі белең алды. Ондай адамдар тым шектен шықты деп айтуға болады. Ең әуелі Алла оларға хидаят берсін дейміз. Фейсбук, тикток әлеуметтік желісінде белгісіз бір азамат жалған аккаунт арқылы «Мынау тұрған зәулім үй Астана қаласының бас имамының үйі» деген мазмұнда видео бөліскен. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайтын өтірік ақпарат екендігін қаперлеріңізге саламын. Алла елшісі: «Сендердің араларыңдағы Алла Тағалаға ең жек көрініштілерің өсек таратып, адамдар арасына іріткі салып, алауыздыққа апаратындарың»-деген. Ардақты мұсылман қауым, арандатушылардың өсек-аяңынан баршамызды сақтасын, – дейді ол.
Ерболат Жүсіпов бейнематериалда тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.