жексенбі, 2 ақпан, 2025 18:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Дикий Арман» тергеу изоляторында тамырын кесті

«Дикий Арман» тергеу изоляторында тамырын кесті
© Photo : instagram/armandzhumageldiev
Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді

Бірнеше күн бұрын 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 20 жылға сотталған«Дикий Арман»деген лақап атпен танылған Арман Жұмагелдиев ҰҚК тергеу изоляторында тамырын кесіп тастады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осыған қатысты жауап берді.

Ведомствоның мәліметінше, Арман Жұмагелдиев өзіне жеңіл жарақат салған. Оған дереу медициналық көмек көрсетілген, қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Сотталушы ерекше бақылауда ұсталады. Онымен колонияның психологтары алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған оқиға бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды, —  делінген хабарламада.

Сот шешімімен Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің бірнеше баптары бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ысқақов – 15,6 жыл, Құдайберген – 8 жыл, топ мүшелері – 10-15,5 жылға, басқа қатысушылар – 1,5-7 жылға сотталды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар