Өртке оранған Калифорния штатында қанша қазақстандық студент бар екені айтылды
- авторОймақ
- 10 қаңтар, 2025
- 177
Жойқын өрт болып жатқан Калифорния штатында қанша қазақстандық студент бар екені айтылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мәлімдеді.
“Жойқын өрт болып жатқан Калифорния штатында 73 қазақстандық студент бар. Оның ішінде 56-сы «Болашақ», ал 17-сі ғылыми тағылымдама бағдарламасының стипендиаттары. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста. Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз», – делінген орталықтың хабарламасында.
Орталық барлық стипендиатты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, елшілікпен байланыста болуға шақырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Түркияда шахтада жарылыс болып, екі жұмысшы үйінде астында қалып қойды
- авторОймақ
- 24 қаңтар, 2025