дүйсенбі, 3 ақпан, 2025 1:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Дикий Арманға" сот үкімі қаңтар айының басында жариялануы мүмкін

"Дикий Арманға" сот үкімі қаңтар айының басында жариялануы мүмкін
Фото: instagram.com/armandzhumageldiev
Бұл туралы оның адвокаты Олег Чернов хабарлады.

Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман» деген атпен танымал) ісі бойынша сот шешімі қашан шығатыны айтылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Buzyq Telegram арнасының жазуынша, «Дикий Арманның» үкімі 2025 жылдың қаңтар айының басында (қамалған соң 3 жыл өткен соң) жариялануы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Олег Чернов хабарлады.

38 жастағы Жұмагелдиев «Қаңтар оқиғасы» кезінде бейбіт тұрғындарды ұрлап, азаптады деп айыпталуда.

Еске салайық, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған болатын. Алдағы қаңтар айында 3 жыл болады. 

Кейін ҚР бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. «Қаңтар оқиғасын» ұйымдастырды деген күдікпен 18 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Олардың арасында Арман Жұмагелдиев те бар. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар