Президент Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
- авторОймақ
- 12 желтоқсан, 2024
- 171
Мемлекет басшысы Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Федерация Кеңесі төрағасының сапары парламентаралық байланысты нығайту тұрғысынан ғана емес, Қазақстан мен Ресейдің көпжоспарлы стратегиялық серіктестігін барлық бағытта одан әрі арттыру үшін маңызды екенін айтты.
– Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Жақында біздің елімізге Владимир Владимирович Путин мемлекеттік сапар жасады. Бұл стратегиялық серіктестікті, екі ел арасындағы одақтастықты дамытуға тың серпін берді. Мен екіжақты ықпалдастықтың болашағы зор деп ойлаймын, – деді Президент.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.