Павлодар облысында заңсыз берілген 5 миллиард теңгенің жайылымдық жерлері халыққа қайтарылды
- авторОймақ
- 6 маусым, 2024
- 357
Павлодар облысы Аққулы ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 5 миллиард теңгенің жайылымдық жерлері халыққа қайтарылды.
Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады.
Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген.
“Елді мекендердің 24 мың га жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген. Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды”, – делінген хабарламада.
Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісіп, әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Будапешттегі Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторОймақ
- 20 қараша, 2024