жұма, 22 қараша, 2024 4:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Балаларды байлап, азаптаған: шымкенттік емші 10 жыл бұрын әйелін өлтіріпті

Балаларды байлап, азаптаған: шымкенттік емші 10 жыл бұрын әйелін өлтіріпті
Фото: pexels.com
Өгей әке асыранды балаларды бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған.

Балаларды байлап, жарты жыл бойы суға шомылдырмаған шымкенттік халық емшісінің 10 жыл бұрын әйелін өлтіргені анықталды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

Шымкенттік отбасылардың бірі бала асырап алып,  оларды түрлі жолмен азаптаған. Өгей әке асыранды балаларды бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған.

Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннет Жазықбаева қоғамда наразылық тудырған оқиғаға қатысты біраз жайтпен бөлісті.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар 2021 жылы өз балалары болмағандықтан, 6 баланы асырап алған. Балалардың әр қайсы әртүрлі балалар үйінен. Үлкені Шымкенттен, қалғандары Астана, Алматы, Өскеменнен алынған.

Жаннет Жазықбаеваның айтуынша, оқушы бірнеше ай бойы қорқып, көмек сұраған. Мұны естіген директор қалалық білім бөліміне хабарлаған. Ал, басқармадағы қорғаншылық қызметінің мамандары уақыт тапшылығына байланысты араша түсетін адам таппаған. Жазықбаева ақпан айында балалар туралы елең еткізетін фактілерді білген бойда білім бөліміне хабарласып, мектеп директорын құлағдар етеді. Арнайы комиссия құрылып, барлығы балалар  үйіне жіберілді.

«Бұл отбасының үлкен үйі бар, бірақ ол тек комиссия үшін жасалған сияқты. Мүмкін олар көмірді, газды, электр энергиясын үнемдеген шығар, білмеймін. Өздері үш бөлмелі «уақытша ғимаратта» тұрады. Бала асырап алған адам емші. Мына үйді көрсең шошып кетесің. Қабырғаларға елестердің суреттері ілінген.  Емші 80-жылдары қайтыс болған анасына ескерткіш орнатып, оның айналасына сүйектер мен шөптерді қойып қойған. Үйде жануарлардың мүйіздері бар. Кейін қораға кірдік. Ол жерде ит емес, 3 мысық байланып тұр, таң қалдық. Қораның іші өте лас. Бәрін түсіріп алдық» деді Жаннет Жазықбаева. 

Арнайы комиссия барған кезде көмек сұраған жасөспірім мен ер адам үйде болмаған. Кейін олар табылғанда баланы көріп Жазықбаева шошып кеткен.

«Баланың алақаны қарт адамның алақанына ұқсайды. Ол ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған. Біз дереу оның киімін шешіп, денесін тексердік. Ол жарты жылдай жуынбаған сияқты. Үстіне тоқылған ақ жемпір кірден сұрланып кеткен. Денедегі көгерген жерлер мен шынжырмен ұрған тыртықтарды байқадық. Киімдері өте ескі. Басқа балалар да лас. 5-6 ай бойы жуынбағандықтан денелері тырналған. Бала қатты жөтеледі. Жасы кішілері сөйлей алмайды. Олар психологиялық қысымға ұшыраған. Алты баланың ішінен бір қыз ғана әдемі көрінеді. Тек соған деген жылы көзқарас болған, ал қалғандарын адам деп санамаған» деді омбудсмен.

Арнайы комиссияның анықтауынша, тоңазытқышта балалардың тамағы, тіпті сүт, айран жоқ екенін анықтады. Үлкен баласының айтуынша, әкесі оларды ит пен мысықтың етімен тамақтандырған.

Үйдегі шағын пештің жанынан арқандар табылды. Жасөспірімнің айтуынша, ұйықтар алдында қасынбау үшін қол-аяқтарын байлап қойған. Комиссия мен полицияның көзінше ер адам бұл арқандарды бірден пешке лақтырып жіберді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар