"Олар қазір қорқытып жатыр": дипломаттың әйелі тағы мәлімдеме жасады
- авторОймақ
- 5 маусым, 2024
- 260
Дубайда дипломат күйеуінен зәбір көрген Карина Мамаш әлеуметтік желіде тағы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, күйеуінің туыстары қорқытып жатқанға ұқсайды.
«Бүгін менің әжеме Гүлнар апа хабарласты. Ол Сәкенді 3 жасынан бастап тәрбиелеген ең үлкен келін. Ол әжеме кеш болмай тұрғанда Карина арызын қайтып алсын деген. Олай болмаған жағдайда Сәкеннің Астана мен Қазақстан бойынша таныстары бар. Олар Каринаны өлтіреді немесе мертіктіреді деп қорқытқан. Менің әжемнің аяғы жұмыс істемейді. Қазір оның туған немересімен болып жатқан соңғы жағдайлар оның жағдайына кері әсер етті. Олар үнемі оған жаза береді. Алғашында кешірім сұраса, қазір қорқытып жатыр», - дейді Карина Мамаш.
Каринаның оқиғасы неден басталды?
Ол жақында өзін күйеуі 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.
Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат елге қайтарылатынын хабарлаған-ды.
Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғады.
Карина Мамаштың айтуынша, күйеуі одан бірнеше жас үлкен.
“Полиция участогында да маған «күйеуіңіздің жасы сізден әлдеқайда үлкен екен, кезінде ол үшін қысылған жоқсыз ба» деген сұрақ қойды. Бірақ мен сол кезде әке махаббатын іздеген едім. Менің әкем тоғыз жасымда қайтыс болған. Мен спортқа бет бұрып, басында әкем жоқ екен қатты сезбедім. Тек екі айдан кейін барып әкем жоқ екенін түсіндім. Анам алаңдамасын деп жолдасымның ұзақ жылдар бойы ұрып-соққанын айтқан жоқпын,” - дейді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.