Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасын қабылдады
- авторОймақ
- 3 маусым, 2024
- 670

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты.
Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті. Қасым-Жомарт көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Шығысқазақстандық ару әкесін сотқа берді
Ұқсас жаңалықтар
Президент Исрайл Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
- авторОймақ
- 18 шілде, 2025
FIDE World Cup 2025: Президент шахматшы Меруерт Камалиденованы құттықтады
- авторОймақ
- 16 шілде, 2025