жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден
Қызылорда облыстық полиция департаменті мұны растады

Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қалалық мектептердің бірінде істейтін оқытушы дене шынықтыру мұғалімін өлтірді деген ақпарат тарады.

Қызылорда облыстық полиция департаменті мұны растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптамалар тағайындалады.

«Күдікті тұтқындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ал оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, оқиға мектеп аумағында емес, басқа жерде болған. Екі мұғалім де биыл 31 мамырда еңбек демалысына шыққаны айтылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар