Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирі қазақстандықтар үшін табысты аяқталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Kazinform.kz сілтеме жасап.
Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні Зарина Раифова J2 санаты бойынша +70 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Қазақстандық парадзюдошы финалда кубалық қарсыласын вазари әдісімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ Аяла Мереке дәл осы санатта 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Ерлер арасында Жұқамырза Шүкірбеков J2 санаты бойынша +90 кг салмақта үздік үштікке ілікті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Гран-при жарысында барлығы 5 медаль жеңіп алса, оның екеуі – алтын, үшеуі – қола.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.