жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мерекеге орай 81 балаға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды

Мерекеге орай  81 балаға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды
фото ашық дереккөздерден алынды
Еліміздің әр өңірінен 81 бала "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды

 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. Оған еліміздің барлық өңірінен 81 бала, соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар қатысты. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. ️Аталған шара аясында балалар "Ақорда" резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді. Сондай-ақ балалар Қазақстан президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды. Жасөспірімдерге Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар екі күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Ұлттық музей, "Нұр-Әлем" павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін аралайды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар