Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновты азаптаған поолиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды.
- авторОймақ
- 28 мамыр, 2024
- 424
28 мамырда Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков ұсталды.
Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы арнайы қабылдау орнында азаматтар азапталғанын анықтап, сол бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Kozachkov мәліметінше, Әбілбеков қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновты азаптады деп күдікке ілінген. Полицейлер шетелдіктерді ұстап, ұрып-соғып, Қарасай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген көрінеді. Кейін Әбілбеков музыкантты бопсалап, қорқытып, Қаңтар кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысқанын мойындатып видеоға түсірген дейді.
Бас прокуратура басқа деректерді жария етуден бас тартты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.