сейсенбі, 26 қараша, 2024 1:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматылықтар саябақта дәмхана салуға қарсылығын білдірді

Алматылықтар саябақта дәмхана салуға қарсылығын білдірді
Фото: total.kz
Әлеуметтік желілерде алматылықтар 2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынуы тиіс екенін еске салады.

Шағымданған тұрғындар петицияны ресми e-Petition сайтында жариялаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Алматылықтар Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы саябақта дәмхана салуға қарсы шықты. 2024 жылдың 4 маусымына дейін петиция 22 285 дауыс жинауы қажет.

"Бүгінгі таңда Ә.Молдағұлова мен М. Мәметова саябағында тарихи орынның сәулеттік келбетін бұзатын және қала тұрғындары мен қонақтарының осы тамаша саябаққа баруына кедергі келтіретін дәмхана ашқалы жатыр. Саябақтың жанында көп орын барын атап өткім келеді, олардың аумағында тарихи алаңның сыртқы келбетін бұзбай және азаматтардың наразылығына алғышарттар жасамай, қоғамдық тамақтандыру мекемесін ашуға болады. Қазақстанның саябақтары Отанымыздың ұлттық қазынасы. Ұлттық саябақтар жекешелендірілмеуі керек!" – делінген петицияда.

Тұрғындар Алматы әкімдігінен қаланың тарихи мұрасын сақтауды талап етеді, атап айтқанда құрылысқа рұқсатты қайтарып алып, учаскені коммуналдық меншікке сатып алып, көгалдарды, қарағаштар мен емен ағаштарын егіп, бастапқы қалпына келтіру керек деп санайды.

Аталған дәмхананы салуға тапсырыс беруші 57 жастағы Құлыбаев Тимур Асқарұлы және 33 жастағы Асқар Алтай Тимурұлы иелері болып табылатын "Mercury Properties" ЖШС. Ол Тимур мен Динара Құлыбаевтың (ҚР экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы) үлкен ұлы. Компания өзінің мүлкін жалға беріп, басқарумен айналысады. 2023 жылдың қараша айына дейін Динара Құлыбаева ол компанияға тең құрылтайшы болды, кейін оның үлесі ұлына өтті.

Панфилов көшесінің батысы, Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіндегі "Аққу" кафесінің құрылысы эскиздік жобасын қала құрылысы кеңесі 2022 жылғы 20 қазанда мақұлдаған. 2024 жылдың 23 сәуірінде алаңдағы учаске биік қоршаумен қоршалып, жасыл желектерден тазартылған. Қызыл кітапқа енгізілген емен кесілген.

Әлеуметтік желілерде алматылықтар 2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынуы тиіс екенін еске салады. Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 шілдедегі №3/314-356 "мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулысы шыққан.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар