Астанада жиһаз цехінен өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша оқиға таңғы 8:44-те болған.
«ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал к., бойынша жоғары дәрежеде шақырылды. Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы – 500 ш.м.», - деп хабарлады департамент өкілдері.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала