жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бишімбаевты ұстаған екі полиция қызметкеріне сөгіс жарияланды

Бишімбаевты  ұстаған екі полиция қызметкеріне сөгіс жарияланды
фото Жоғарғы сот
Бұл факт бойынша қызметтік тергеу басталған еді.

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен экс-шенеунікті ұстаған екі полиция қызметкеріне сөгіс берді.

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы кезінде полицейлердің күдіктіні ұстау сәтінің видеосы көрсетілді.

Онда полиция қызметкері Қ. Бишімбаевтан «өзі тілінен тапқан шығар?» (Әңгіме Салтанат Нүкенова туралы) деп сұрайды.

Бұл факт бойынша қызметтік тергеу басталған еді.

Сонымен қатар оқиға орнында болған басқа қызметкерге де тексеру тағайындалды. 

Бейнежазбадан оның күдіктімен бірге көшеде темекі шегіп, жерге түкіргенін де  байқауға болады.

Бүгін Ішкі істер министрлігі екі тәртіп сақшысына қатысты тергеудің аяқталғанын айтып, мәлімдеме берді. 

Хабарламада: 

«Аталған факті бойынша Астана қаласының полиция департаменті жүргізген қызметтік тергеу аяқталды. Құқық қорғау қызметі туралы заңның 19, 56-57-баптарына сәйкес, сондай-ақ тәртіптік комиссияның шешімімен қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды» делінген.

Одан бөлек, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін (жалпы пайдалану орындарын ластау) Астана қаласының полиция департаменті Есіл ауданының жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар