жұма, 22 қараша, 2024 0:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Ақылды адамдар тойға бармайды" – Омар Жәлел

"Ақылды адамдар тойға бармайды" – Омар Жәлел
Фото: instagram.com/omarjaleluly_official_page
Ол бұл туралы  Qazaq Airan арнасына берген сұхбатында айтады.

“Қытайларда той жасау секілді әдет жоқ, өмір бойы жұмыс істейді. Қазақтар секілді кез келген қуанышқа арнап жасайтын тойлар Түркияда да жоқ. Бұл қазақтардың халық ретінде бос уақыты көп, өз ісі мен кәсібі жоқтығын аңғартады. Жеке кәсіппен айналысатын қазақтар аста-төк тойлардан бас тартып жатады. Ал Қазақстан жағдайында кәсібі жоқ, тұрақты жұмысы жоқ адам өзін жұбату үшін той жасай береді” – дейді Омар Жәлелұлы. Ол бұл туралы  Qazaq Airan арнасына берген  сұхбатында айтады.

Ол тіпті  көршілес Өзбекстанның тойларынан мысал келтіреді. 

Оның айтуынша, “Өзбекстанда тойды таңертең ерте өткізу әдетке айналған, адамдар уақытты босқа өткізбей, одан кейін жоспарлы істерін шешуге үлгеруі үшін. Міне, нағыз іскер ұлттың мысалы”.

Қазақстанда аптаның жеті күнінде де той  өте беретін айтқан.

“Қазақстанда ақылды адамдар тойға бармайды. Мәселен, қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтбаев өз заманында тойға бармаған. Өйткені ғылыми тұрғыдан алғанда, бәрі айқын: бұл уақытты ысырап ету. Той режимді бұзып, ғылыми қызметке зиянын тигізеді”, – дейді Омар Жәлелұлы. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар