сейсенбі, 13 қазан, 2026 15:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбеде әйел адамды өлтірді деген күдікпен Атырау тұрғыны ұсталды

Ақтөбеде әйел адамды өлтірді деген күдікпен Атырау тұрғыны ұсталды
Liter.kz
Полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті мен марқұм бұған дейін бір-бірін таныған.

Ақтөбеде әйел адамды өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті мен марқұм бұған дейін бір-бірін таныған.

«Ер адам мен көз жұмған әйелдің бұрыннан таныс болғаны алдын ала анықталды. Олардың арасында туындаған жанжал барысында ол әйелге пышақ жарақаттарын салған, жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды», – делінген департаменттің ресми хабарламасында.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстың себептері мен нақты мотивтері анықталу үстінде. Істің тергелу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар