бейсенбі, 8 қазан, 2026 10:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте 13 жастағы оқушы қайтыс болды

Шымкентте 13 жастағы оқушы қайтыс болды
ЖИ
жасөспірім мейрамхананың банкет залында жұмыс істеген

Шымкентте мейрамхананың банкет залында жұмыс істеген 13 жастағы оқушы қайтыс болды. Полиция баланың өлімі оның сырқатына байланысты болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың ата-анасының айтуынша, жасөспірім мейрамхананың банкет залында жұмыс істеген. Шымкент полиция департаменті оның қайтыс болғанын растады.

«Жасөспірімнің сырқатына байланысты қайтыс болғаны анықталды. Сонымен қатар тексеру кезінде еңбек заңнамасының бұзылғаны белгілі болды. Осыған байланысты банкет залының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция.

Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, 14 жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасауға жол берілмейді.

Қайтыс болған баланың ата-анасы бұған дейін қалалық еңбек инспекциясына шағым түсірмеген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар