сейсенбі, 6 қазан, 2026 10:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда ер адам қызға лифт ішінде тиісіп, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған

Алматыда ер адам қызға лифт ішінде тиісіп, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған
Фото: aikyn.kz
Алматыда 23 жастағы ер адам лифт ішінде кәмелет жасына толмаған қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасаған. Сот оны 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды.

Алматыда 23 жастағы Дінмұхаммад Жармұхамбетовке қатысты сот үкімі шықты. Ол Қылмыстық кодекстің 121-1-бабы (Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипаттағы тиісу) бабы бойынша сотқа тартылған.

Оқиға 6 тамызда болған. Сол күні Жармұхамбетов “Мега Тауэрс” тұрғын үй кешеніндегі лифтке кәмелет жасына толмаған қыздың соңынан кіріп, оған қол жүгірте бастаған. Бір сәтте лифт есігі ашылып, қыз қашып құтылған. Ол сыртқа шығып, бірден әкесіне хабарласқан. Әкесі полицияға арыз берген соң, күдікті көп ұзамай ұсталды.

Жармұхамбетов өз кінәсін мойындамаған. Оның айтуынша, ол қыздан уақыттың қанша болғанын ғана сұраған. Кейін смартфонындағы сандарды көру үшін жақынырақ барғанын айтқан.

Алайда бейнебақылау камерасындағы жазбада оқиғаның басқаша өрбігені көрінеді. Кадрдан ер адамның қызды ұстап алғанын, ал қыздың лифт қабырғасына қарай шегініп, есік ашылғанда сыртқа жүгіріп шыққанын көруге болады. 

Сот осы деректерді ескеріп, Дінмұхаммад Жармұхамбетовті кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарған.

Бұл құқық бұзушылық үшін заңда 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы да көзделген. Алайда биыл жазда қабылданған уақытша заңнамалық түзетулерге сәйкес, 2030 жылы 1 қаңтарға дейін қылмыстық теріс қылықтар үшін қамауға алу жазасын тағайындауға тыйым салынған. Бұған себептердің бірі — елде қамауға алынғандарды ұстайтын арнайы қабылдау орындарының жетіспеуі. Оларды салуға уақыт қажет.

Айта кетейік, Жармұхамбетов 2025 жылы есірткі жарнамалағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасының бір бөлігін түрмеде өтеп, қалған мерзімін шартты түрде өтеп жүрген.

Қолда бар мәліметке сәйкес, биыл тамызда ол Түркістан облысының пробация қызметінде есепте тұрған.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар