дүйсенбі, 5 қазан, 2026 9:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы тауында жоғалған Корея азаматы 1 аптадан бері табылмай жатыр

Алматы тауында жоғалған Корея азаматы 1 аптадан бері табылмай жатыр
Фото: Видеодан скрин
Құтқарушылар Корея Республикасының азаматын іздеу жұмыстары аясында таулы аймақты тексеруді жалғастырып жатыр.

Жер бедері күрделі, аумақ ауқымды және биіктік күрт өзгеріп жатыр, құтқару жұмыстары осындай қиын жағдайда жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар қол жетуі қиын учаскелерге, соның ішінде тау беткейлері, шатқалдар және өтуі күрделі басқа да аумақтар ерекше тексеруде.

“Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, волонтерлер, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тартылды. Барлығы шамамен 90 адам, 10 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп, 7 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ ТЖМ авиациясы жұмылдырылды”, – деп жазды Төтенше жағдай министрлігі.

Іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Тартылған күштер мен құралдар таулы аймақтарды кезең-кезеңімен тексеруде.

Іздестіру-құтқару операциясының барысын министрлік өзінің тұрақты бақылауына алды. 

Еске салайық, Оңтүстік Корея азаматының іздестіріліп жатқанына бір аптадай уақыт болды. 

73 жастағы шетел азаматы 28 қыркүйекте хабарсыз кетіп, байланысқа шықпаған. Ол бір топ адаммен бірге тауға келген. "Шымбұлақ" аспалы жолымен көтерілгеннен кейін, қалаға өз бетінше түспек болған. Алайда ер адам қонақүйге оралмаған.

29 қыркүйекте оның жоғалғаны туралы ақпарат "112" пультіне түскен. Осыдан кейін Талғар асуы ауданында, теңіз деңгейінен шамамен 3200 метр биіктікте іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар