жұма, 2 қазан, 2026 9:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады

Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады
Фото: Айбар Олжабай
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеуден жылдамдық бағдарламасының финалы өтті

Қазақстан командасының спортшысы Дамир Тоқтаров ақтық сында 3-орын алды. Бұл сында Қытай өкілі топ жарса, ирандық Реза Фард Әлипур күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан үшін спорттық құзға өрмелеуден Азиада тарихындағы бірінші медаль саналады.

Осыған дейін Дамир жартылай финалда 4.789 секунд нәтижесімен Олимпиада чемпионы Леонардо Ведрикті (Индонезия) басып озып, 2-орынмен финалға өткен.

Тағы бір отандасымыз Париж Олимпиадасының қатысушысы Әмір Маймұратов жартылай финалда өз тобында 3-сатыдан көрінді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар