бейсенбі, 1 қазан, 2026 15:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Эсмигүл Куюлова Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды

Эсмигүл Куюлова Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды
Фото: Olympic.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошысы Эсмигүл Куюлова 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлде үшін таласты

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі үшінші орын үшін өткен бәсекеде қазақстандық спортшы өзбекстандық Маржона Нуруллаевамен кездесті.

Белдесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, қарсыластар "голден скор" жүйесі бойынша күресті жалғастырды. Куюлова "ваза-ари" ұпайын еншілеп, жеңіске жетті. Кездесу 6 минут 7 секундта аяқталды.

Осылайша қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарындағыдай, 2026 жылғы Азия ойындарының үшінші тұғырына көтерілді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Дана Әбдірова да қола жүлде үшін таласқан еді. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол КХДР өкілі Ким Хён Амен кездесті. Қазақстандық спортшының қарсыласы "юко" ұпайын алып, жеңіске қол жеткізді.

Әбдірова жарысты жүлдесіз аяқтады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар