бейсенбі, 1 қазан, 2026 7:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақ палуан Өзбекстан қоржынына Азиада алтын жүлдесін салды

Қазақ палуан Өзбекстан қоржынына Азиада алтын жүлдесін салды
Фото: uza.uz
Өзбекстан құрамасы сапында өнер көрсететін ұлты Қазақ палуан Айтжан Халмаханов Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында топ жарды.

Қандасымыз грек-рим күресінен ерлер арасында 67 келі салмақта жарыс жолына шығып, қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Айтжан ең әуелі Қытай спортшысы Лэң Джиді 9:0 есебімен ойсырата жеңді. Ширек финалда Сауд Арабия өкілі Мунтири Абдулла А. Джандуді 8:0 есебімен таза жеңді.
Жартылай финалда, өзбекстандық қандасымыз қырғызстандық Раззак Бейшкеевті 5:0 есебімен қапы қалдырды. Ал ақтық сында ол жапондық Киоторо Согабені 3:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Айтжан Халмаханов 2025 жылы Әлем және Азия чемпионатының чемпионы атанған болатын. Сонымен қатар, спортшы Ислам ойындарында қола жүлде қанжығалаған.

Айта кетерлігі, осы салмақта қазақстандық палуан Мейіржан Шермаханбет қола медаль еншіледі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, этникалық Қазақ спортшы Қадірбек Елка ХХ жазғы Азия ойындарында Моңғолия құрамасы қоржынына алғашқы алтын сыйлады.


 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар